Жалпы кітап қоры : 35913
Оның ішіндегі оқулықтар: 27831
Көркем әдебиет: 8082
Оқырмандар саны 900.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында түрлі іс-шаралар атқарылып келеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты өскелен ұрпақтын оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәртебесінің,оқу белсенділігін арттыру,көркем шығармаларды оқуды насихаттау және рухани адамгершілікті қалыптастыру.
Мақсатымыз: Оқушыларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту, ақын-жазушылардын шығармаларын насихаттау.
Мектеп кітапханасында 4 қыркүйек күні мемлекеттік тіл мерекесі қарсаңына Дүйсенова Рая апай мен Тоғысбаева Фатима апайлармен бірге «Мемлекеттік тілде сөйлейік»тақырыбында іс-шара өтті. 15 оқушы қатысты. Баяндама «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» тақырыбында Ш.Жандарова оқыса, «Тілім менің мәртебем» тақырыбында көрмемен З.Сұлтанбекова оқушыларға таныстырды.Мемлекеттік тіліміз жайлы түрлі өлең шумақтарын 9-10 сынып оқушылары жырлады.
20 қыркүйек «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында 8 сынып оқушылар арасында іс-шара өтті, 12 оқушы қатысты көрме ашылды. 5 қазан күні «Бір отбасы –бір кітап» тақырыбында іс-шара 8-10 сыныптар арасында ұлы ақын жазушы С.Көбеевтің 145 жылдығымен ұштасты. 25 оқушы қатысты .
1 кезең Өзін-өзі таныстыру
2 кезең С.Көбеевтің 145 жылдығына арналған мақалаларын оқып үш бағана пайдалану , қосымша мазмұнын айту, кілттік сөзін табу алған әсерін айту.
3 кезең Өлең шумақтарымен жұмыс- балалар досына,анасына,ұстазына ақынның өлең шумақтарын ұқсас жерін таңдап өлең шығару.
Фейзбук парақшасында жарияланды. 23 қазан күні ауқымды іс-шара «Республика күні» 4-10 сыныптар аралығында тойланды, бұл іс-шара бірер күннен кейін зейнеткерлікке шығатын технология пәні мұғалімі Ж.Өсербай мен физика пәні мұғалімі Ұ.Исабаева апайлармен кездесу өтті.Бұл ұстаздарға оқушылар еңбек өмірлерінен сұрақтар қойды,4 сынып оқушылары «Қазақстаным» өлеңін орындады, кітапханалық « Тексті құрастыр» ойыны ойналды.Оқушылармен қосылып екі зейнеткерлікке шыққалы отырған ұстаздарымыз да атсалысып ертегіні құрастырып кетті.
Білім беруді дамыту орталығы Zооm платформасында «Кітап ХАН» жобасы кітап оқу сайысын оқушылар мен мектеп ұстаздарына арнап ұйымдастырылған жоба. Біздің мектептен 20 қазан күні ағылшын пәні мұғалімі Жылқыбаева Салтанат «КітапХан» жобасына Ұлы ақын-жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш» оқиғасын қорғады. 39 балл жинап екінші орын иегері болды.
24 қараша қазақ тілі пәні мұғалімі Бекназарова Баян Әкім Таразидің «Ауыл шетіндегі үй» кітабын қорғады. Жетісай ауданы, Ордабасы ауданы, Мақтарал ауданы, Келес ауданы мұғалімдерімен Қазығұрт ауданы атынан Бекназарова Баян апайымыз сайысқа түсті. 38 балл жинап екінші орын иегері атанды.
19 желтоқсан күні 8 «в» сынып оқушысы Оңласын Лилия ақын – жазушы Бердібек Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» повестін қорғап 43 балл жинап бас жүлде алып , айлық «КітапХан» жобасы сайысына жолдама алды. Бұл жоба оңлайн түрде өтеді, маңыздысы дауыс жинау. Лилия қорғаған кітапты мектебіміздің 7-10 сынып оқушылары арасында мазмұнын айтып, соңы пікір таласқа айланды, және Оңласын Лилияға құттықтау рәсімін өткіздік, оқушылар құттықтап өз тілектерін айтты. Айлық жобада ақын – жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе бет» кітабын қорғады. Жобаның соңында Ұлы ақын-жазушы Абай Құнанбаевтың қалаған өлеңін жатқа айтып бер деген сұрақ қойды, Лилия мүдірмей «Пайда ойлама ар ойла» өлеңін жатқа мәнерлеп орындап берді. Лилия бұл сайыста 21 балл жинап үшінші орын иегері атанды.
10 қаңтар күні 8 «ә» сынып оқушысы Оңғар Айбарша Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романын қорғады. 21 баллмен үшінші орын иегері атанды. Біздің мектептен облыстық «КітапХан» жобасы кітап сайысына екі ұстазымыз және екі оқушымыз қатысқанына мәртебеміз көтеріліп,өте қуаныштымыз. Осындай оқырмандарымыз көбейе берсін.
Және осы «Кітап ХАН» жобасына 9 сынып оқушысы Нәлібай Аяулым, және Сман Фаридалар тіркелді .
Осы «КітапХан» жобасына мектебіміздің директоры Б.Турдалиева І.Есенберлиннің «Қаһар»романымен тіркелді. Директордын оқу ісі орынбасары Ж.Қалдыбаева С.Ерубай «Ақ боз үй» кітабымен тіркелсе директордын оқу ісі орынбасары А.Шепетова М.Дулатов «Оян қазақ» кітабындағы «Бақытсыз Жамал» әңгімесімен тіркелді.
5 желтоқсан күні кемеңгер ақын ағартушы Қожа Ахмет Иассауйға 930 жыл туылған күні тойланды. 4 сыныптар жыр шумақтарын шашу етсе, «Қатемен жұмыс» ойыны ойналды . Ертегінің текстін таратылды, ішінде екі қатесін табу, оқушылар сол қатені табамын деп ертегінің бәрін оқып шықты. Және 8 сыныптар ақының өмірінен сұрақ-жауап оқушыларға жасырды. 12 желтоқсан күні «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында 5-7 сыныптар аралығында іс-шара өтті. 12 оқушы қатысты. Кітапхана меңгерушісі Ш.Жандарова «Тәуелсіздік тірегі- білім» тақырыбында баяндама оқыса, кітапханашы Сұлтанбекова Зейнеп «Тәуелсіз мемлекет» тақырыбында баяндама оқыды, сұрақ-жауап,яғни кубик ойынын ойнатты.
25 қаңтар күні «Кемеңгер Қонаев» тақырыбында іс-шара 8 сыныптар аралығында өтті. 25 оқушы қатысты. Директордын тәрбие жөніндегі орынбасарларынын қатысуымен іс-шара өтті. Ән ұранымен басталды. «Атамекен» әнімен аяқталды. Өмірбаяны мен қызмет жолдарын оқушылар айтып өтсе, осы қызмет жолы жайлы бейнетаспа қойылды. Кітапханалық «тексті құрастыру» ойын ойналды.
9 ақпан күні М.Мақатаевтың 93 жыл туған күнін « Бүгін менің туған күнім» тақырыбында іс-шара Директордын тәрбие жөніндегі орынбасарларынын қатысуымен 4-10 сынып оқушылары арасында өтті. 32 оқушы қатысты. 4 «ә» сыныбы М.Мақатаевтын өлең жырларын шашу етті. Сұрақ-жауап, кубик ойыны арқылы ойналды. М.Мақатаевтын сөзімен жазылған «Саржайлауым» әнін 5 сынып оқушылары орындаса жалпы хормен «Мен деп ойла» әні орындалды. «Қатемен жұмыс» «Ер төстік» ертегісінің текстінің ішінде екі қате бар,сол қатені табу үшін балалар ертегінің бәрін оқып шықты.
13 ақпан күні Ауған ардагері жергілікті тұрғын Жандаров Төлеген ағамен кездесу өтті. 9-10 сыныптар аралығында. Кітапханада «Ер есімі –ел есінде» тақырыбында көрме ашылды.
4 наурыз күні «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында пікір-талас өтті. Мектебіміздің директорының қатысуымен 7-10 сыныптар аралығында өтті. 30 оқушы қатысты. Бас жүлдегер 8 сынып оқушысы Оңласын Лилия А.Бек «Волоколомск» кітабын 5 минутта қорғап шықты. 8 сынып оқушысы Майдан Айғаным М.Әуезовтын «Қорғансыздын күні» кітабын қорғады. Мектебіміздің дарынды оқушысы Әмірсейіт Бағдаулет Л.Н.Толстойдын «Воскресение» ктабын қорғады.Сұрақтар қойылды. Мысалы Нәлібай А автор өзің болсаң осы кітапты қалай аяқтар едің деген сұрақтар қойылды . Жалпы оқырмандар саны 2022-2023 оқу жылында 897 еді, биыл 2023-2024 оқу жылында 900 оқырман болды.
21 -31 наурыз демалыс күндері 2-11 сынып оқушылары «Каникулда кітап оқимыз» марафонына тіркелуде. Тіркелген оқушыларға ынталандыру ретінде сертификат беріліп жатыр. Және 1, 2 кезеңі бар. 3-7 сәуір аралығында марафон жарыс түрінде өтеді. Тіркелген оқушыларға кітаптын атауын айтып , оқуға тапсырма беріліп жатыр. Наурыздын 31 не дейін тапсырылған кітапты оқып біту керек. 1 кезең сол оқыған кітабынан тест сұрақтар шешеді.
2 кезең Бір сұраққа 45 секунд, 20 сұраққа жауап беру үшін барлығы 15 минут уақыт беріледі. Диплом + Жетекші мұғалімге Алғыс хат + Ата-анаға алғыс хат.
06.05.2024 ж күні «Ерлікке тағзым» тақырыбында іс шара өтілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7 мамыр «Отан қорғау» күні қарсаңында балаларды кіттап оқуға қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында, қоғам қайраткері, халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері Р. Қошқарбаевты таныстыру, дәріптеу мақсатында 4-10 сынып оқушылары «Ерлікке тағзым» тақырыбында іс-шара өтті.
8 сынып оқушысы Майдан Айғаным «Отан» өлеңін, Жансая М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен басталды. Халық қаһарманының өмірбаянын 8 сынып оқушысы Оңғар Айбарша баяндаса, 4 сынып бір топ оқушылары Нұрдаулет, Абдурахим, Мадина, Сырғалым, Нұсауле, Айым, Али, Нұрали, Айдос, Аманғалия. Аяна, Дастандар «Отан», «Қазақ жігіттері» тб өлең шумақтарын шашу етті. «Жойылсын соғыс» әні хормен орындалды. 10 сынып оқушысы Әмірсейіт Бақдаулет Р. Қошқарбаевтың майдандағы өмірін баяндады. 8 сынып оқушысы Әбдіраш Венера әскердегі өмірін баяндаса, Мөлдір соғытан кейінгі өмірімен таныстырды. Мадақтамаларын 8 сынып оқушысы Медеубай Алтынай баяндады. Сұрақ-жауап кубик ойынын 10 сынып оқушысы Нәлібай Аяулым ойнатты.
Тақырыптың екінші кезеңінде 10 сынып оқушысы Әмірсейіт Бақдаулет Ф. Достоевкийдің «Жаза мен қылмыс» орыс тіліндегі кітапты оқып бітіріп, ортаға оқырмандарға пікірталас ретінде баяндап берді. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбаса Д. Жамаловтың қатысуымен өтті. Соңында суретке түсіп, оқушылар кітапхана ұранын қайталап, хормен: «Біз болашақ ұрпақ – оқуға құштар мектеп жобасы аясында, аянбай еңбен етеміз» деп, жақсы көңіл күймен тарасты.
