Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Сәкен Сейфуллин ат. ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ

 

2024-2025 оқу жылы 1жартыжылдық бойынша тәрбие жұмысының есебі

«Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

2024-2025 оқу жылы 1 жартыжылдық бойынша 

Тәрбие жұмысының есебі.

Жалпы мектепте 1-11 сыныптар арасында 43 сынып комплектісі бар. Бұл сыныптарға сынып жетекшілер бекітілген. Жетекшілер тәрбиенің 6 құндылығы бойынша жұмыс жүргізуде. Іс-шараларға қатысқан мектептің барлық оқушылары тартылды, сонымен қатар 218 ата-аналар қатысты.  Тәрбие жұмысын тиімділікпен ұйымдастыру мақсатында мектепте сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді.  Сынып жетекшілердің барлығы - жоғары білімді, бірлестік бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарды. 2024-2025 оқу жылындағы тәрбиенің жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 сәуір №227 бұйрығымен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде мектеп басшысымен 01.09.2024 ж бекітілді.

Тәрбие жұмысының мазмұны:

 Білім берудің жаңа деңгейіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үрдісінің өсуіне байланысты тәрбие күнделікті жаңа әдістерді іздеуді талап етеді. Қазір білім  мен тәрбие беруде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына және ұлтжандылық қасиеттерді бойына сіңіруге үлкен мән беріліп отыруына орай,азаматтық-патриоттық, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан  қалыптасуы барлық тәрбие бағыттарының өзегі болып отыр.

Біртұтас тәрбие беру бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмысының мақсаты:

Үздіксіз тәрбие беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасының Азаматтары және үлттық рухты патриоттары ретінде қалыптасуы мен өз өздерін танытуларына, болашақ маман иесі болып, кәсіби интеллектуалды және шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

                            

 

Тәрбие жұмысының міндеттері:

-Денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.

-балаларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу ;

-балалардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;

-отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және  отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

Тәрбие тұжырымдамасының негізгі Ұлттық білім академиясының «Сынып жетекші жұмысының әдістемесі» әдістемелік ұсыныстар бойынша 6 құндылық негізінде сынып жетекшілердің жылдық жұмыс жоспары жасақталып, бекітілді.

Оқу жылында алға қойылған мақсат:

Тәрбие тұжырымдаасының бағыттары бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізу, әдістемелік құралдар дайындау, өзара іс-тәжірбие алмасу, озық тәжірибиелі сынып жетекшілердің жұмыстарын жинақтау, келесі жылға тарату;

Жаңа оқу жылының жұмысы қыркүйек айында ұйымдастыру жұмыстарынын басталды . Тәрбие жұмыс жоспарын талқылау, бекіту сынып жетекшілерінің қызметтік міндеттерімен таныстыру, алғашқы сабақ тақырыбымен таныстыру, сынып жетекшілерінің партфолиосын жасақтаумен айналыстық. Сынып жетекшілері жыл басында бекітілген тәрбие жоспарымен жұмыс жүргізеді. Жыл басында сынып жетекшілеріне  лауазымдық нұсқаулық таныстырылады. Сынып жетекшілілері күнделікті,  апталық, айлық, тоқсандық жұмыс циклограммасымен жұмыс жүргізеді.

    

        Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі бар, жұмыс жоспары жасалған, мақсат, міндеттері көрсетілген.

     Оқу жылы басталғаннан бері оқушылармен көптеген тәрбиелік іс-шаралары  мен сынып сағаттары өтілді. Сынып сағатының 10 минуты Қауіпсіздік сабақтарына арналып отыр. Жоспар бойынша әр айдың, әр аптаның дәйексөздері бекітіліп берілген. Тақырыптық сынып сағаттары тұрақты жүргізіліп отырды. Жыл басында әр сыныптан тәрбие деңгейінің диагностикасы жасалды.

       Жыл басында мектебіміздің психологы Ш.Каипова әр сыныпта оқушыларды  зерттеу диагностикасын жүргізіп, төмен   параметрлер бойынша проблемаларды анықтап, жыл көлемінде атқарылатын шаралар жоспарланды.

     ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығын негізге ала отырып, ата-аналар жиналысының ұсынысымен таңдалған мектеп формасын оқушылардың біріңғай талапты орындауы, мектептің ішкі ережесін орындаулары бақыланды. Бүгінгі таңда мектебімізде оқушының алаңсыз білім алуы   үшін дене тәрбиесімен айналысуына, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған іс-шаралар жоспары құрылған. Сынып жетекшілердің әр оқушыны зерттеп, ата-анамен, қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеу сапасын жақсарту жұмыстары алға қойылды. Оқу жылынының басында тәрбие жұмысы әртүрлі мазмұнды, түрлі формада ұйымдастырылып, оқушы бойына ұлттық салтымызды дарыта отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асуда. Әрбір жеке  тұлғаға кешенді  тәрбие беру үшін зерттеу жұмыстары  жүргізілді. Мектеп психологымен бірлесе отырып, әрбір сынып жетекші өз сыныбындағы оқушылардың педагогикалық-психологиялық даму жұмысын жасады. Тамыз айында «Мектепке жол» акциясы іске асырылып, көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалардың мектеп формасы алып берілді.

1-қыркүйек білім күніне орай  «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиын өз дәрежесінде өтті. https://www.facebook.com/share/p/hGGPGTJcUxxXAe3y/

2-қыркүйек күні 1-11 сынып жетекшілері «Менің отаным - Қазақстан!» тақырыбында  тәрбие сағаттарын өткізді.

https://www.facebook.com/share/p/eBkfxLSeTAAhmyjU/

2024-2025 оқу жылына мектеп жанындағы қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар комитетінің, жалпы ата-аналардың «Уақытты басқару және өзін-өзі басқару» тақырыбында жиналысы болып өтті.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0f1WkFoq3eR6hEtB75jEPZACH65LSfUSPJwPw1hF9xqeZDsDxJdQ993TeaTnuToN7l&id=100063859353365

ҚББП К.Дүйсенова, Ф.Сахова тарих пәні мұғалімі Г.Тагаева мен А.Сулейменова ұйымдастыруымен 5 қыркүйек 2024 жылы. 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен "Бұл палата глоболизацияның пайдасына зияны көбірек деп есептейді тақырыбында пікірсайыс өткізді.

https://www.facebook.com/share/p/QaeveM5JxzkbZTEL/

"ОТБАСЫ—БАҚЫТ МЕКЕНІ"

12-қыркүйек Отбасы күніне орай "ОТБАСЫ-БАҚЫТ МЕКЕНІ"  тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел, психологиялық тренинг сабақтар өтілді https://www.facebook.com/share/p/U2uDNRBL5UXatfHg/

2024жылдың қыркүйек айының 12-күні ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу , отбасының қадір-қасиетін арттыру, отбасындағы қарым-қатынас мәдениеттері туралы түсінік беру , жанұядағы сыйластықты, адамгершілікті , инабаттылықты татулық пен бірлікке , отбасының мақтаны болуға тәрбиелеу мақсатында "Менің отбасым-менің мақтанышым" тақырыбында педагог психологтар мен ДТІЖО - нің ұйымдастыруымен акция болып өтті https://www.facebook.com/share/p/PjoYMyAyTrjzrH6f/

 

«Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында челлендж өтті https://www.facebook.com/share/v/bN9AtVhSBsJ92jVq/

 

12 қыркүйек күні 8-11 сыныптың ұл балаларының қатысуымен «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу!» тақырыбында Ұлдар жиналысы өтті. Жиналысқа АПБ-нің ЮПТ УПИ полиция лейтенанты А.Қуандықов, жасөспірімдер «Ұлдар» ұйымының жетекшісі С.Ақберді, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б. Момбеков, Д. Жамалов, сынып жетекшілер қатысты. https://www.facebook.com/share/p/nCoursThHhmnpfN9/

 

Қыркүйектің 13 күні мектебіміздің акт залында «Қыз бала – отбасының шырайы» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланып, қыздарымызға Қыз балаларға қыз баланың жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы мен денсаулыққа пайдасын жалпылай түсіндіріп өтті. " Қыз бала – отбасының шырайы " тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы айтылды. Қыздар үйымынын жетекшісі

Ү.Мырзабаева мен мектебіміздің медбикесі А. Ешджанова көптеген толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты. Қыздар өз пікірлерімен бөлісе отырды https://www.facebook.com/share/p/Bbew6RDKcprWsA95/

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдау жариялауына байланысты мектеп ұжымына таныстыру

13 қыркүйек күні Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдау жариялауына байланысты мектеп ұжымына таныстыру жұмыстары жүргізілді https://www.facebook.com/share/p/aeLSFo5AJHJxyCQZ/

 

Қыркүйектің он жетісі күні жоспарға сай “Буллингтен қорғану ” тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сабақта оқушылар тақырып бойынша өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап берді және буллингке арналған видеороликті тамашалады. Сабақ соңында техникалық қауіпсіздікке байланысты алаяқтардан сақтану туралы ақпараттармен таныс болды. https://www.facebook.com/share/p/jSrNiYpzFmi7LW9j/

 

«Отбасым – менің мерейім» оқушылардың көзімен отбасылық құндылықтар

Отбасы және отбасылық құндылықтар – кез-келген адамның өмірі құрылатын маңызды іргетасы. Жеке тұлғаны қалыптастыру отбасында басталады: отбасылық құндылықтар біртұтас табиғаттың үйлесімді дамуы үшін қажетті дағдыларды қалыптастырады.

Қатысушылардың қазіргі отбасылардағы отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 18 қыркүйек күні оқушылармен және ата - аналармен бірлесіп “Оқушылардың көзімен отбасылық құндылықтар” психологиялық тренингі өткізілді.

Тренинг барысында оқушылар ең маңызды отбасылық құндылықтар туралы әңгімелеп, өз отбасылары туралы презентациялар дайындады, кіші топтарда “Мінсіз отбасы” тақырыбында кластер құрастырды, “Әзілмен және байыпты” викторинасын өткізді және тренинг соңында әр отбасы, отбасы жайлы постер қорғады https://www.facebook.com/share/p/U2uDNRBL5UXatfHg/

 

«Педагогтер мен ата-аналар: шиеленістердің алдын алу жолдары» атты педагогтерге арналған әдістемелік сағаты өткізілді.

https://www.facebook.com/share/p/Amjw2CpYjwE89zAP/

 

Оқушыларға мектеп мейірбикелері тарапынан «Дұрыс тамақтанудың қағидалары» тақырыбындағы

баяндама оқылды https://www.facebook.com/share/p/xRjb7NTcmNGpSu7r/

 

Қыздар ұйымының жетекшісі С. Нусенова, Қызылқия БМСККО меңгерушісі Ордабек Азамат Мұратұлы және 8-11 сынып қыздарының қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбына "Еркеназ" қыздар ұйымының жиналысы талапқа сай өткізілді. Өткізілген адамгершілік - жыныстық тәрбие жұмысына Қызылқия БМСККО меңгерушісі Ордабек Азамат Мұратұлы сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8-11 сынып қыздарымен пікір алмасты https://www.facebook.com/share/p/dQGJarqwZpDQBfEn/

 

Мектеп медбикелері А.Ешджанова мен З.Турсунованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларына "Тиімді тамақтану" тақырыбында диктант жазғызды https://www.facebook.com/share/p/6HY4FjLT9b7ujZXH/

 

1 қазан күні Қарттар күніне орай «Қарттарым- асыл қазынам» атты кездесу кеші өткізілді. https://www.facebook.com/share/p/15SHcSJrFp/

02.10.2024 жылы жоспарға сәйкес мектеп қауіпсіздігі, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында мектеп инспекторы

А.Куандыковтың қатысуымен кездесу кеші ұйымдастырылды https://www.facebook.com/share/p/1511LXzzhP/

Қазығұрт ауданының ішкі саясат бөлімінің 25.09.2024 жылғы № 109 сәнді хаты негізінде. Түркістан облысы дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 8-9 сыныптар арасында зайырлы мемлекет және дін саласындағы нормативті-құқықтық актілер бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысын өткізді. ҚР ӘҚБК 490 бабы, ҚР ҚК 174 бабы, ҚР ҚК 256 бабтары бойынша 8-11 сыныптар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ҚР ҚК 174 бабы, ҚР ҚК 256 бабы бойынша түсінектемелер берілді. Оқушыларға деструктивті діни ағымдар, олардан сақтану жолдары туралы ақпарат беріліп, бейнероликтер көрсетілді. Кездесу соңында оқушылар ойларында жүрген сұрақтарын қойып соған жауаптарын алды. https://www.facebook.com/share/p/15PJdFpw43/

5 қазан Ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» челленджін жариялайды. Бұл шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

«Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. https://www.facebook.com/share/p/19hQpn9iRc/

2024 жылдың 5-қазан Ұстаздар күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде мереке жоғары деңгейде аталып өтілді https://www.facebook.com/share/p/18J1tnCciV/

«ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ- БАСТЫ МІНДЕТ тақырыбында ұлдар жиыны өтті. Жиынға 8-11сыныптың ұл балалары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д. Жамалов, ұлдар ұйымының жетекшісі Ақберді Сейілбек, өзін-өзі басқару ұйымының фракция мүшелері қатысты. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, сонымен қатар ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты https://www.facebook.com/share/p/15FUMzGBmi/

10 қазан 2024 жылы Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және кәмелет жасына толмағандарға жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерте-жүктілік өз-өзіне зақымданған (аутоагрессия), аутодеструктивті мінез құлық , СӨСҚ бойынша түсіндіру және күресудегі іс-шараларды Қазығұрт ауданының жергілікті өкілдігі және атқарушы органдарымен өзара мекеме аралық іс-қимылдарды жүзеге асыру Меморандумы негізінде құралған топ мүшелері: Аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскері Е.Сариев, аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскері Е.Жақсыбай, аудандық емхана нарколог маманы, жастар орталығының инспекторы, полиция инспекторы А.Қуандық 8-11 сынып оқушылармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. https://www.facebook.com/share/p/1BKUCQn958/

Тұрақты түрде ДТІЖО,  ұлдар ұйымының жетекшісі Ақберді Сейілбек және ер мұғалімдермен бірлесе отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүруін анықтау барысында түнгі рейд өтті.Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу. Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді. https://www.facebook.com/share/p/1F4wkxCNBZ/

Көркем еңбек және бейнелеу өнері пән мұғалімдері Г. Сарсенова, М. Жакипова, А. Жамалова және А. Жандар ұстаздарының ұйымдастыруымен 2-3 және 4 сыныптар аралығында байқау өткізілді. тақырыбы: «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын»

Мақсаты: Ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергенін қыз балаларға ұғындыру; оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

- тақырыпты дәлелді оймен аша білуіне, нақты сөйлеуге баулу.

- әдемілікке, өнерге, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу https://www.facebook.com/share/p/1AgVENVgNb/

14.10.2024 жылы "Еркеназ" қыздар ұйымының "Бұрымды қыз" атты іс- шарасы өтті. Мақсаты: Ұлттық құндылықты дәріптеу, қазақи мәдениетті қалыптастыру https://www.facebook.com/share/v/1P69UWXcXM/

кітапхана меңгерушісі Шарипа Жандарова мен кітапханашы Зейнеп Сұлтанбекова және қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Баян Бекназаровалардың ұйымдастыруымен мектеп атауы,Ұлы ақын-жазушы Сәкен Сейфуллинге 130 жыл толу мерей тойын тойлауға "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары"тақырыбында 9-10 сыныптар аралығында іс-шара өтті.Мақсатымыз: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу , ақынның өз заманындағы саяси -қоғамдық көзқарасын таныту , ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Балаларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқуға шақыру, патриоттық сезімдерін ояту. https://www.facebook.com/share/p/17rUP9j9EH/

“Білім шыңының баспалдағы-бастауышта” тақырыбындағы онкүндікте 16.10.2024 жылы 2-4 сыныптар арасында «Тапқырлар тартысы» командалық сайысы болды. Мақсаты Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, бір -бірінің пікірін қолдауға тәрбиелеу https://www.facebook.com/share/p/15GuXiTUvn/

Педагог -психолог мамандары Ш. Каипова, А, Тойшыбекова және Қосымша білім беру педагогтары Ф.Сахова, Қ, Дүйсеновалардың ұйымдастыруымен "Менің қолымнан бәрі келеді" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. https://www.facebook.com/share/p/14Lp1bDdH6/

19 -қазан күні Өзін-өзі басқару ұйымына мектеп Президентін сайлау өтілді.Сайлауға 10 оқушы өз бағдарламаларын ұсынып,бақтарын сынады. 285 оқушы дауыс берді.Сайлаудың қорытындысы бойынша 10 сынып оқушысы Туғанбай Аяулым көп дауыс жинап, мектеп Президенті болып сайланды https://www.facebook.com/share/p/1Y3dNpYCF3/

23.10.2024 жылында тәлімгер Г.Төлебаеваның ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» дебатының жоспарға сәйкес, 25 қазан Республика күніне орай «Тәуелсіздік – тұғырым», «Жаңа күн – Жаңа қазақстан» тақырыбында 7-9 сынып оқушылар арасында пікірсайыс өтті. https://www.facebook.com/share/p/1Xc1hYWz2S/

Бастауыш сынып жетекшісі

О. Шералиева Менің Отаным - Қазақстан. Тақырыбында 2 ә сыныбында  ашық тәрбие сағатының өткізді https://www.facebook.com/share/p/19MMG6kBuk/

күзгі демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, балаларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, білімді болуға, сөздік қорларын дамытуға шақыру мақсатында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Момбеков және Д.Жамаловтардың басшылығымен кітапханашылар Ш.Жандарова мен З.Сұлтанбековалар болып "Каникулда кітап оқимыз"тақырыбында іс-шара өтті  https://www.facebook.com/share/p/14RniGX7sm/

25-қазан Республика күні

Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде

Республика күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында "Менің -Отаным Қазақстан "тақырыбында салтанаты іс-шара өтті. Оқушылар республика күніне арнап өлең жолдарын жатқа айтып,көрініс көрсетып іс - шараға белсене қатыса білді https://www.facebook.com/share/p/12C7X2XRfNe/

Әлеуметтік педагогтары А. Ақангазиев және Ж. Эргашовтың ұйымдастыруымен «Күз жәрмеңкесі» өтті. Жәрменке мақсаты:

1.Мектеп оқушыларын ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, талғампаздыққа баули отырып, эстетикалық тәрбие беру;

2.Туған жерді сүюге, Жер-Ананы, табиғатты қорғауға баулу.

3.Өнерлі, дарынды балаларға қолдау көрсету,қабілет-дарынын дамыту.

Жәрмеңкеге 3-11 сынып оқушылар қатысты. Мектеп ішінде ұйымдастырылған шағын жәрмеңке оқушылар дайындаған тағамдардың көп түрлілігімен таң қалдырды. Жәрмеңке сөрелерінен: сүт тағамдары, қолдан жасалған кондитерлік өнімдер мен түрлі тағамдар, қолөнер туындылары және т.б. орын алды.

Оқушылардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Сынып жетекшілері оқушылар киіміне көңіл бөліп, балалар тақырыпқа сай киінді. Аталмыш мерекеге қызығушылықпен белсене қатысқан мектеп ұжымы күз сыйының бір «бөлшегін» өзімен ала кетті. Ұйымдастырылған шара соңында мектеп әкімшілігі ата-аналар мен балаларға ризашылығын білдірді. Ата-аналар тарапынан жылы лебіздер мен игі тілектер айтылды https://www.facebook.com/share/p/1AdC2auUCJ/

"Игі істер. марафоны" жобасы аясында."Игі істер мейірімділіктен басталады" тақырыбында апталық іс-шараның жоспарына сай. психологиялық тренинг өтті.Тренингтин тақырыбы : «Мейірімділік – ізгіліктің жолы.»

Мақсаты: Оқушыларға мейірімділік қасиеттерінің құндылықтарын ашу және түсініктерін кеңейту https://www.facebook.com/share/p/13rmhykM4v/

Республикалық "Игі істер марафоны" жобасы аясында "Игі істер мейірімділіктен басталады" тақырыбында жоспарына сәйкес Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Спорт - денсаулық кепілі” атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларды денсаулықты сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, спортты жақсы көруге баулу https://www.facebook.com/share/p/14QDCKLhiw/

Республикалық "Игі істер марафоны" жобасы аясында "Игі істер мейірімділіктен басталады" тақырыбында жоспарына сәйкес Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде Қима суреттерді құрастыру арқылы балалардың ұсақ қол моторикасының дамыту атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балалардың қол моторикасын дамыту. Қимыл-қозғалыс қабілетін, икемділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық деңгейін, сөйлеу тілін жетілдіру https://www.facebook.com/share/p/15LmWUVVZk/

"Шебер қолдар қалашығы атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың жан жақты ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын сынау, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. https://www.facebook.com/share/p/12Efp6KhBKU/

Республикалық "Игі істер марафоны" жобасы аясында "Игі істер мейірімділіктен басталады" тақырыбында жоспарына сәйкес Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Жұлдыз болып жарқырайық” атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру https://www.facebook.com/share/p/19UsRDeZBy/

Педагог-психологы Каипова Шынар "Мектептерге арналған PISA-24" дайындық барысында іс-шара жоспарына сай

11.11.24ж күндері оқушыларға психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді https://www.facebook.com/share/p/1AcWeqFWDu/

Педагог-психологы Каипова Шынар "Мектептерге арналған PISA-24" дайындық барысында іс-шара жоспарына сай 12.11.24ж күні сынаққа қатысатын оқушыларға "Сынақтағы мінез-құлық" тақырыбында топтық кеңестер берді https://www.facebook.com/share/p/18HPH2mLry/

педагог-психологы Каипова Шынар "Мектептерге арналған PISA-24" дайындық барысында іс-шара жоспарына сай 13.11.24ж күні сынаққа қатысатын оқушыларға дамыту сабақтары ұйымдастырды. https://www.facebook.com/share/p/18Feqps3Ns/

15 қазан күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында қосымша білім беру педагогы К. Дүйсенованың ұйымдастыруымен "тілдік дағдыларды дамыту" және тақырыпты талқылау арқылы "Ұшқыр ой алаңын" ұйымдастырды, онда "Жас қазақ" пікірсайыс клубының жетекшілері Г. Тағаева, А Сүлейменованың оқушылары сайысты. Мақсаты: Оқұшыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру. Мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізу біздің қолымызда екенін ұғындырып, патриоттық тәрбие беру. Атаулы шараға 9-10 сынып оқушыларынан құралған "Тәуелсіз ұрпақ" және "Жас Отан" топтары қатысты. https://www.facebook.com/share/p/1A6to5yXyM/

20.11.2024ж әдебиеттік оқу пәні бойынша 3 «А»сыныбы Қысқы кеш тақырыбында ашық сабақ өткізілді

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға М.Иманжановтың «Қысқы кеш»шығармасы туралы түсінік беру https://www.facebook.com/share/p/1B7QRat8dP/

15 қазан күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында қосымша білім беру педагогы К. Дүйсенованың ұйымдастыруымен "тілдік дағдыларды дамыту" және тақырыпты талқылау арқылы "Ұшқыр ой алаңын" ұйымдастырды, онда "Жас қазақ" пікірсайыс клубының жетекшілері Г. Тағаева, А Сүлейменованың оқушылары сайысты. Мақсаты: Оқұшыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру. Мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізу біздің қолымызда екенін ұғындырып, патриоттық тәрбие беру. Атаулы шараға 9-10 сынып оқушыларынан құралған "Тәуелсіз ұрпақ" және "Жас Отан" топтары қатысты. https://www.facebook.com/share/p/18qd6MkQPp/

9-10 сынып оқушыларына Есірткі мен нашақорлық тақырыбында видео роликтер көрсетіліп, есірткі тұтыну мен есірткі таратудың нәтижесі жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. https://www.facebook.com/share/p/1BQx1k2PNr/

"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқаны аясында "Ұлтаралық татулық" тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен Қызылқия ауыл әкімшілігіне қарасты Жастар ресурстық орталығының әдіскері Дәуітбек Мадина, Қызылқия ауыл имамы Батырбеков Медет Еркебаевич, Ынталы ауылының имамы Джамбаев Сергали Джаксыбаевичпен кездесу болып өтті. https://www.facebook.com/share/p/19yRyKQqW4/

"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқаны аясында Буллингтің және кибербулингтің алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыс жүргізілді https://www.facebook.com/share/p/1XENoLMy6H/

8-9-10 шы сыныптар арасында “STARTUP” байқауы болып өтті.Байқауға 17-оқушы қатысты.

Мақсаты: оқушылардың ақпараттық білімін, шығармашылық, идеялық қабілеттерін дамыту.

Оқушылар өздерінің бизнес идеяларын ұсынып,стартаптарын қалай?неден?бастау алу керектігімен бөлісіп тыңдармандар мен әділ қазы алқаларын тәнті етті.Әр оқушыға өз бизнес жоспарын қорғауға 5-7-мин уақыт берілді.9,,Б” сынып оқушысы Орынбай Ернұр Нұрғалиұлы бас жүлдеге ие болды.9,,В” сынып оқушысы Оңласын Лилиа Нұржанқызы 1-орын алса, 10,,А” сынып оқушысы Мәскеу Көркем 2-орынды қанжығасына байлады.3-орынды Шәміл Динара иемденді.Байқауға қатысқан қалған қатысушылар түрлі наминациялармен марапатталды және ынталандыру сыйлығы берілді. Сыйлық демеушілері кәсіпкер ауыл азаматтары және ауыл әкімдігі. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid022GDwyTBDLhZwMsn2f7oJR23uCe3RvXgkYvPMQhgh2mqVD3UwJcaagFKTLoXCHGnGl&id=100063859353365

Ата-аналармен жасөспірімдердің өтпелі кезең ерекшеліктері туралы психологиялық ағарту жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: - Ата-аналарға бала тәрбиесінде кездесетін кикілжіңдерді шешуге көмектесу және қолдау https://www.facebook.com/share/p/1EgQNaeCvp/

Аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу процесіне педагогтарды тарта отырып семинар - тренинг жүргізілді.Семинар-тренинг мақсатында аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық екендігі, қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралып жатқаны, оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқаратындығы туралы баяндалды. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0B4Edhu3nRA9zXsW36PEByq192RsoZgDwbJC3vqosdkcGmrtCTnqMKmgH1q5pcvGsl&id=100063859353365

Деструктивті мінез - құлықтың дамуына әсер ететін факторлар, оның ішінде отбасылық, әлеуметтік, психологиялық және жеке аспект ілер тақырыбында ата аналармен семинар - тренинг өткізілді. Мақсаты: Қатысушыларды деструктивті мінез - құлықтың мәнімен және оған әсер ететін факторлармен таныстыру. Отбасылық, әлеуметтік, психологиялық және жеке аспектілердің әсерін талдау. Деструктивті мінез - құлықты алдын алу жолдарын ұсыну. https://www.facebook.com/share/p/1NNYfAbGWf/

27.11.2024ж «Сәкен Сейфуллин жббм» 8-11сыныптар және Қызылқия ауылы жастар орталығының қатысуымен «Зорлық зомбылықсыз қоғам!» тақырыбында кездесу өтілді

Кештің мақсаты:

білім алушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту, білім алушыларға өз жүрген орталарында мейірімді

болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами құндылықтарын сақтауға, әдепті де, тәртіпті болуға шақыру https://www.facebook.com/share/p/15kJAYHQVe/

05.12.2024ж «Сәкен Сейфуллин жббм» Қызылқия ауыл округінің жанынан құрылған «Әжелер алқасы» төрайымымен «Өмір жолы ұрпаққа өнеге» тақырыбында кездесу кеші өткізілді https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02ivWNFrvWZ7DcpAXDqiLaPZwQ925aW4JvRZTVbbfEmT2rDvkANwMrzaVZg1VCFbChl&id=100063859353365

Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі " Зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн" науқанының аясында 9 В сынып оқушылары қасиетті жұма күні тазалықшы апаймызға қуаныш сыйлады  https://www.facebook.com/share/p/18VmuPnEkv/

Мектебіміздің кітапханасында "Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам дерті" тақырыбында 8-10 сынып аралығында іс -шара өтті. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, кітап оқуға тарту, ақын - жазушылардың шығармаларымен таныс болуға шақыру. Балаларға зорлық-зомбылық деген не ұғым екенін, қанша түрі бар екенін таныстыру. Іс-шараның мақсатын кітапхана меңгерушісі Ш. Жандарова айтып кетсе, Баяндама мектебіміздің кітапханашысы З. Сұлтанбекова, ұйымдастырушы педагог А. Қожабекова және еңбек пән мұғалімі А.Жандар болып үлкен ауқымды мағлұмат берді https://www.facebook.com/share/p/1E2D5t54TF/

ҚББП Д. Шерметова, Қ. Дүйсенова және дене шынықтыру мұғалімдері Г. Бурханова мен Ж. Ермурзаевтың ұйымдастыруымен. Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына орай 5 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Әкем,анам және мен» отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстануды басшылыққа алып, отбасындағы бірлікті, татулықты, жанашырлықты қалыптастыру. https://www.facebook.com/share/p/1BHPKzS5s5/

"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» ( атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 4 - 7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты оқушыларды бейнелеу өнері арқылы дарынды жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу.

Шараға қатысушылар қоғамда болып жатырған зорлық-зомбылық, буллинг туралы айшықты ойларын қағаз бетіне түсірді.

Шара соңында қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, нәтижесінде I орынды 6"Б"сынып оқушылары, II орын 5"А",7"Ә" сынып оқушылары, ІІІ орынды 5"Б",7"В",6"А" сынып оқушылары марапатталды. https://www.facebook.com/share/p/15Xf7zEs7b/

13.12024жылы

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 16желтоқсан Қазақстан Респубоикасының Тәуелсіздік күніне байланысты «Тәуелсіздік- тұғырым»тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02pZUtwQxeFbW2FY83aoPrQN3jWA2t6Etbh9DU547x44Vt1MkSJLwKrn1y7XHbAubsl&id=100063859353365

«Тәуелсіздік -тұғырым» атты он күндікке байланысты, 5«Ә» сынып оқушыларымен, тарих пәнінің мұғалімі Амалова Айтолқын ұстазымыздың жетекшілігі мен ашық сабақ өткізілді.Тақырып:«Тәуелсіз елім Қазақстан» https://www.facebook.com/share/p/1A1PMspywk/

16желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты «Тәуелсіздік- тұғырым»тақырыбында ұйымдаструшы педагогтар Оразов Қ және А Кожабекова,және сынып жетекшілер Ш.Қайпова.С.Жылкыбаева,Д.Мырзалиева,С.Алимкулова,А.Келесбаевтардың ұйымдасуымен мерекелік іс-шара өтілді https://www.facebook.com/share/p/1FY6eLfDBT/

13.12.2024 ж Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББМ мектебінің 5"А", 5 "В" сынып оқушыларына сынып жетешілері Шерметова Дилола мен Нусенова Салтанат "Тәуелсіздік деп соғады біздің жүрегіміз" атты тәрбие сағатын өтті https://www.facebook.com/share/p/1E5u42UGzp/

Жетістігімді еліме арнаймын" челленджі ұйымдастырылды https://www.facebook.com/share/v/1Guq5C2zzB/

13.12.2024ж. күні "Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. https://www.facebook.com/share/p/15o5xaR5Zy/

"Тәуелсіздік тұғырым!" тақырыбында тәрбие сағаты

Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде барлық сыныптарда білім алушыларымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы " аясында "Тәуелсіздік тұғырым!" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. https://www.facebook.com/share/p/1Pvy6BqKvK/

13.12.2024 ж Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББМ мектебінің 5"А", 5 "В" сынып оқушыларына сынып жетешілері Шерметова Дилола мен Нусенова Салтанат "Тәуелсіздік деп соғады біздің жүрегіміз"

мерекелік іс-шара аясында тәуелсіздік күнін атап өтті https://www.facebook.com/share/v/15JjLNtFmV/

13.12.2024 күні С.Сейфуллин жббм де "Тәуелсіздік -тұғырым"атты онкүндікке байланысты,8 сыныптар арасында география пән мұғалімдері Усманов Рахматулла ұстаз бен Жунисалиева Мая ұстазымыздың жетекшілігімен “Білгір географ” атты сайыс сабақ өтті. https://www.facebook.com/share/p/18cannzA3N/

тарих пәнінің мұғалімі Кожабекова Акерке Жаксылыковнаның 9 ә сыныбындағы ХХ ғасырдың 40-80жылларындағы әдебиет пен өнердің дамуы тақырыбындағы ашық сабағы өткізді https://www.facebook.com/share/p/15xF1wtgvt/

Мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимінің авторлары Д.Нәжімеденовтың 90 жылдығы мен Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойларына орай 5 сынып оқушыларымен іс-шара өтті. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02wuQFK44njUyVzWFB1Lvfyio1X2YwAefZ4kytiCV1yaMr71cH32CYLssPcEtPPxoxl&id=100063859353365

желтоқсан айының 23-27 аралығында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті. Жөні де, орны да бөлек, әрі сән-салтанатымен, жоғары көңіл-күймен өтті https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0BzjRAGJRWsxrzH5Sw1ThLKMqUeEt8tSfHYCMuqk6BjTsRzniASrxHfbbxcpfoycRl&id=100063859353365

2024 жылғы 29-30-31желтоқсаны, 2025 жылдың 1-2 қаңтар күндері аралығында «Жаңа жыл» мереке күндеріне құқық бұзушылықтың алдын –алу, кешкі уақытта мезгілсіз жүрмеуін бақылау және тәртіп сақталуына байланысты, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепішілік бұйрық шығарылып, жауапты мұғалімдерден кесте құрылып, күндізгі және түнгі рейд ұйымдастырылды. 31 желтоқсан күнгі күндізгі және түнгі рейд өткізгенде ешқандай құқық бұзушылық кездескен жоқ. Кезекшілік тыныш өтті. https://www.facebook.com/share/p/1D9E8WVR8k/

 Әрбір іс-шара қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталанып отырылды. Эссе жазу, шығармалар сайысы, сурет салу, қабырға газеттерін шығару сайыстары да тиянақты жүргізіліп отырылды. Сынып сағаттарында салауатты өмір салты, құқық, өмір қауіпсіздігі,  көше қағидалары  сабақтары тұрақты өтілді. Сыныпаралық кезекшілік тұрақты өткізіліп, әр аптанаң дүйсенбісінде саптық тізілімде қорытынды шығарылып отырылады. Мектебімізде «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымының жұмысы жақсы жолға қойылған. Жыл сайын жаңа оқу жылына арналған жоспар бекітіліп, ұйымның «Бастау» ақпараттық-танымдық газеті шығарылып отырады. Тәуелсіздік мерекесіне орай 1 сынып оқушылары «Жас Қыран», 5 сынып оқушылары  «Жас Ұлан» ұйымына мүшелікке салтанатты түрде қабылданылып, ант берді. Жылдағыдан ерекшелік, биылғы оқу жылы оқушыларға галстук пен төсбелгілерін мектебіміздің ұлағатты ұстаздары мен қонақтары тақты. Мектепте «Адал Ұрпақ»  ерікті мектеп клубы  құрылып, жылдық жоспар бекітілді.

   Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жас полиция көмекшісі» тобы құрылып, 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары бекітілді. Топтың жетекшісі АӘД пәні мұғалімі С.Ақберді жауапты болып тағайындалды. Топ мүшелері мектептің өте белсенеді 6 оқушысынан тұрады. Сол сияқты оқушылардың сыбайлас-жемқорлыққа қарсы және өз ойлауын құпия түрде өткізу ,үшін мектеп дәлізінде  «Сенім жәшігі» орнатылған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша

Іс-шара атауы

1

Суреттер конкурсы «Жемқорлыққа жол  жоқ!» 2-9 сыныптар

2

Тақырыптық сынып сағаттары:

«Жемқорлықсыз балалық шақ» 1-4 сынып

«Жемқорлық –ғасыр індеті» 8-11 сынып

3

Жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оның алдын алу. Дөнгелек үстел

4

Сыбайлас жемқорлық. Оның алдын алу жолдары. Пікірталас

5

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Брошюралар, парақшалар, ақпараттар.

  Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбие жұмыстары бойынша жылдық жұмыс жолпары құрылып, директор тарапынан бекітілді. Құқықбұзушылық алдын алу бойынша арнайы жұмыс жоспары жасалынды. 1-11 сыныптарға жылдың басында ата-аналар жиналыстары өткізілді және кәмелет жасындағы жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Жергілікті полиция инспекторлары Абылай Қуандықпен бірлесіп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әсіресе соның ішінде түнгі мезгілде сағат 22:30 –дан кейін көшеде ата-анасынсыз жүруге болмайтындығы ескертілді. Аталған ескертулерден соң әр аптаның ортасы және соңғы күндері ата-аналармен бірлескен түнгі рейд шаралары жүргізіліп отыр. Бүгінгі күнге дейін ешқандай келеңсіз жайттар тіркелмеді, бірақ бірнеше оқушы түнгі мезгілде дүкендерде жүргені анықталды және ата-аналарына ескертілді. Ұсталған оқушылардың белгілі себептермен жүргендіктен АІІБ-не ЮПИ –не хабар берілген жоқ. Жасалынып жатқан рейд шаралары аудандық білім бөліміне мәлімет ретінде фото, видео материалдары жіберіліп отыр. Атаған іс-шаралар әлеуметтік желілерде жариялануда. Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін мектепте 32 бейне бақылау камерелары орнатылған, қазіргі таңда оның барлығы жұмыс жасап тұр бірақ сапасы өте төмен. Сонымен қатар бейне бақылау камерелары арнайы құрылғылармен аудандық ІІБ және Түркістан облысы ІІД-не тікелей жалғанған. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін Қазығұрт АПБ лейтенанты А.Қуандық келді, оқушылар сабақ барысында мектеп ауласынан шықпау

қажет екендігі ескертілді. Іс-шараның мақсаты жол қауіпсіздігі және түрлі келеңсіз жайттар. Арнайы кезекшілер қойылды және мектеп күзетшісіне қосымша міндеттемелер жүктелді. Өтілген шаралардың барлығы facеbook әлеуметтік желісіне жарияланды. «Тәуекел» тобымен жұмыс жасау үшін жұмыс жоспары жасалынды. Алайда тәуекел тобына жататын оқушыларды анықтау жұмысттары І тоқсан бойы жүргізілді. Бұл топқа жататын оқушыларды анықтау үшін психологтармен бірлескен жұмыс жүгізілді. Педагог психолог А.Тойшыбекова және Ш.Каипова 1-11 сыныптарынан «Аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында» бірнеше сауалнамалар алып диагностикалық жұмыстар жүргізіп шықты. Жасөспірімнің психологиялық ауытқушылығы , жасөспірім депрессияға ұшырағаны, жасөспірім суицидке бейімділігін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Сауалнама қорытындысы бойынша және мектептің ішкі тәртіп екежелерін жиі бұзатын оқушылар анықталса  тәуекел тобына енгізілуі қарасырылған. Сонымен қатар «Тәуекел» тобы не екені ұлдар және қыздар жиналысында ескертіліп отырды.  Сынып жетекшілер мен психологтар бірлесіп жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 8-11 сыныптар арасында 23 оқушы, 4-7 сынып арасында 19 оқушы анықталып, сол оқушылармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ олар «Тәуекел» тобына тіркелмеді. Ата-аналарымен әлеуметтік педагог, педагог психолог және сынып жетекшілер бірлесіп жұмыс жасап жатыр. «Тәуекел» тобына жататын оқушылар сыныптар бойынша:

1 сынып – 1 оқушы, 3 сынып -1 оқушы,4 сынып – 5 оқушы, 5 сынып – 6 оқушы, 6 сынып- 4 оқушы, 7 сынып – 2 оқушы.

8 сынып – 5 оқушы, 9 сынып – 6 оқушы, 10 сынып – 7 оқушы, 11 сынып – 6 оқушы.

«Тәуекел» тобына тіркелетін жалпы оқушылар саны : 43

Қорытынды:

Педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, ҚББП, сынып жетекшілердің ұйымдасқан түрде қызмет атқаруының нәтижесінде оқу жылында келеңсіз оқиғалар мен оқыс оқиғалар орын алған жоқ

Ұсыныс:

  1. Ұлдар ұйымы жетекшісі С.Ақберді, қыздар ұйымы жетекшілері С.Нүсенова, Ү.Мырзабаеваларды мектепішілік алғыс хатқа ұсынамын.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                             Д.Жамалов

© 2025 «Сәкен Сейфуллин ат. ЖОББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің