Сәкен Сейфуллин аттындағы жалпы білім беретін мектепте 2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныпта 934 оқушы, дайындық топта 83 оқушы білім алды, үйде оқитын оқушылар саны – 12 оқушы, психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жеке дамыту сабақтарына келетін оқушылар саны – 18. Мектептегі оқушылар мен мұғалімдер және ата-аналар арасында жағымды қарым-қатынас пен микроклиматты орнату, оқушылардың бойындағы аутодеструктивті мінез-құлықты болдырмауға ықпал жасау, құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың бейіндіктерін айқындап, қажетті психологиялық кеңестер беру және оқушылар бойындағы адаптация кезеңінде психологиялық қолдау көрсету мақсатында жылдық жоспар жасалып, психологияның 5 бағыты бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Осы бағыттағы жұмыстардың 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспар жасалынып, директор тарапынан бекітілген.
Оқу жылының басында барлық сыныптардың ата-аналарынан психологиялық сүйемелдеу жүргізіге атаналардың келісімі алынды. Ата-аналардың келісімі негізінде 2023-2024 оқу жылында диагностикалық, кеңес беру, алдын – алу, ағарту, түзету – дамыту жұмыстары жүргізілді.
2023-2024 оқу жылының бірінші тоқсанында «Бес терек» жобасы аясында 5-11 сынып жетекшілерінен жиынтық кесте толтырылды. Онда оқушылардың отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік желідегі парақшалары туралы мәліметтер келтірілген. Әлеуметтік педагогтың, мектеп инспекторының тізіміндегі, мектеп медбикесінің тізіміндегі және сынып жетекшінің ерекше бақылауындағы оқушылар анықталып, психологтың жиынтық кестесіне ендірілді.
Сондай-ақ сынып жетекшілер мен пән мұғалімдер тарапынан келіп түскен оқушылар психологиялық сұраныс журналына тіркеліп, тиісті жұмыстары жүргізілді.
Қыркүйек айында оқушылар арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және мектепте әлімжеттікті болдырмау мақсатында 8-10 сынып ер балаларынан «Мен әлімжеттікке қарсымын» атты анонимді сауалнама алынды. Сауалнамаға оқушылар аты жөндерін жазбаған күйі, «Мектепте ақша жинау болады ма?» «Ұрып-соғу фактісі болған ба?» сияқты он сұрақ аясында сауалнама алынды. Сауалнамаға жалпы саны- 83 ер балалар қамтылды. Мектептегі «Қыран» ұлдар ұйымының жетекшісі Орманов Алмастың ұйымдастыруымен, мектептегі тәрбие орынбасары, әлеуметтің педагог және педагог-психологтың қатысуымен ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ұлдарға мектептегі әлімжеттіктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Қазан айында аудандық ішкі істер бөлімінің мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексіндегі оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кеңінен түсінік жұмысы жүргізілді.
Сонымен бірге мектеп жасындағы жасөспірім қыздар арасындағы түрлі келеңсіз жағдайлар мен оқушы қыздардың тәртібін қадағалап отыру бойынша айына екі рет мектептегі «Жауқазын», «Еркеназ» қыздар ұйымының жетекшілері Нүсенова Салтанат пен Мырзабаева Үкілімнің ұйымдастыруымен қыздар кеңесі өткізіліп отырады. Жиында түрлі мәселелер қаралып, тиісті психологиялық кеңестер беріледі. Қыркүйек айында аудандық «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімінің» психолог маманы Тұрымбет Манзура, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы Абдуллаева Маржан қыздар арасындағы түрлі келеңсіз жағдайлар мен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кездесу ұйымдастырылып, мамандар қыздарға өз салалары бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
Қазан айында «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналармен, оқушылармен түрлі іс-шаралар атқарылды.
Мектеп пен ата-ана арасындағы бірлескен тәрбие жоспары аясында сынып жетекшілердің сынып чаттары арқылы «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналарға жаднамалар жіберілді.
Оқушылардың өмір қауіпсіздігін бақылау, аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында күнделікті сынып жетекшілермен байланыса отырып, сабақтарға қатыспаған оқушылардың үйлеріне барып ата-аналарымен және оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мектепте ерекше қадағалауды қажет ететін оқушылар анықталып тізімге алынған. Жүргізілген ағарту және түзету дамыту мен түсіндіру жұмыстары хаттамаланып, фото дәлелдемелерімен құжаттар жинақталған.
Сондай-ақ бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушыларға адаптация кезеңінде психологиялық сүйемелдеу жұмысын жүргізу мақсатында қыркүйек айында 5- сынып оқушыларынан Н.Г.Лускановтың «Бейімделуін анықтау» сауалнамасы алынды. Сауалнамаға жалпы саны 88 оқушы қатысты. 27- оқушыда мектепке бейімделуінің жоғары деңгейі, 57- оқушыда мектепке бейімделуінің орта деңгейі, 4- оқушыда мектепке бейімделуінің төмен деңгейі анықталды. Төмен динамиканы көрсеткен оқушыларға тиісті психологиялық кеңестер берілді. 6-7 сынып оқушылары «Менің отбасым» тақырыбында эссе жазып, нәтижесінде «Отбасы құндылықтары» атты тренинг өткізілді. 8-9 сынып оқушыларынан «Менің жақын досым» тақырыбында эссе алынды. Жас жеткіншектердің өзін бағалауы мен өзгелермен қарым-қатынас деңгейі анықталып, түзету жұмысы жүргізілді. 10-11 сынып оқушыларының өмірге көзқарасы анықтау мақсатында «Менің арманым» тақырыбында шағын эссе жаздырып, дамыту сабақтары жүргізілді.
Сондай-ақ сынып жетекшілер мен пән мұғалімдер тарапынан келіп түскен оқушылар психологиялық сұраныс журналына тіркеліп, тиісті түзету дамыту жұмыстары жүргізілуде. 27.12.23ж мерекелік іс-шаралар алдында оқушылармен ата-аналары арасында деструктивті және аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын – алу мақсатында емханамен бірлесіп «Өмір қымбатсың маған» тақырыбында 8-10 сынып оқушыларымен семинар тренинг өткізілді.
Баланың жәбірлеудің (буллингтің) және кибербуллингтің профилактикасы және алдын-алу бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалынып, ол мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тиісті атқарылатын жұмыстар мерзімінде орындалуда. Атқарылған жұмыс барысы туралы әлеуметтік желілерде жариялануда.
Қаңтар айының 08-012024-08.02.2024 аралығында Қазығұрт ауданының білім бөлімінің 03.01.2024 жылдың №02 санды бұйрығына негізге ала отырып, мектеп директорының 04.01.2024 ж №17 бұйрығына сай мектепте «Әкеден ақыл-анадан мейір» тақырыбында психологиялық айлық өткізілуде. Жоспар жасалып, бекітіліп, осы жоспар негізінде орындалатын жұмыстар атқарылып, тиісті іс-шаралар мерзімінде өтілді. Атқарылған жұмыс бойынша әлеуметтік желілерде жарияланды.
Барлық сынып оқушыларынан темпераментері анықталып төмендегідей нәтиже анықталды.
|
№ |
Темперамент |
Пайызы
|
|
1 |
Холерик |
11,1 % |
|
2 |
Сангвиник |
38,7% |
|
3 |
Флегматик |
40,7% |
|
4 |
Меланхолик |
10,1 % |
|
Барлығы 934оқушы |
100 % |
Барлық сыныптар арасында оқушылармен жеке дамыту жұмыстары диагностика және тренинг сабақтар мен жаттығу ойындары өткізілді.
|
№ |
Сыныптар |
Жеке дамыту жұмысы
|
Пайызы |
|
1 |
1, 4 сынып |
Жеке түзету дамыту жұмыстары жұргізілді |
14 % |
|
2 |
5-9 сынып |
Жеке дамытусабақтар, тренинг сабақтар, тест, жаттығу диагностика, кеңес беру жұмыстары жүргізілді. |
16% |
|
3 |
10-11 сынып |
Жеке тренинг сабақтар, кеңестер жүргізілді. |
20,% |
|
Барлығы |
|
50 % |
Мұғалімдер және ата –ана, ұл балдар, қыз балдар мен жеке дамыту жұмыстары кеңестер түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылды.
|
№ |
|
Жеке дамыту жұмысы
|
Саны
|
Пайызы |
|
1 |
Мұғалімдер |
Жеке кеңестер, түсіндіру жұмыстары жргізілді |
93 |
74 % |
|
2 |
Ата –ана |
Кеңестер, бағыт –бағдар берілді. |
314 |
57% |
|
3 |
Ұлдар |
Жеке психологиялық кеңестер берілді. |
279 |
60,% |
|
4 |
Қыздар |
Жеке психологиялық кеңестер берілді. |
301 |
66 % |
